Жамбыл облысында  Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні кең ауқымда аталып өтеді

0 15

Мерекелеу жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық деңгейде өткізілетіндігі ӨКҚ өткен брифингте мәлім болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес әскери бөлімдерде  шекара заставаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.

Негізгі мерекелік шара 7 мамыр күні  Қордай ауданындағы Гвардейск кентінде Елбасының қатысуымен Жауынгерлік парад өткізіледі.

Парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірліктен аса қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік  ұшу аппараты тартылған.

9 мамыр күні жыл сайын 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекеленеді.

Жеңіс күнін мерекелеудің мақсаты  — Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету болып табылады.

Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының мәліметіне сәйкес 2018 жылдың 3 мамырына облыста 100 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, 1130 оларға теңестірілгендер, 5239 тыл еңбеккерлері тұрады.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектеріне 150,0 мың теңгеден, оларға теңестірілген азаматтарға 30,0 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 15,0 мың теңге көлемінде қаржы төленбек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.