Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин қызметінен босатылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Мусин Бағдат Батырбекұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Қайрат Жақыпбаев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басшылығына тағайындалғаны хабарланып отыр.
35 жастағы Бағдат Мусин бұл орында 2017 жылдың қаңтарынан істеп келді. 2014-тен 2017 жылға дейін ол «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болған.