Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

0 10

Синоптиктер 15-17 мамыр күндеріне ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан суық ауа ағындары өтеді. Соған байланысты республиканың көптеген облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды», — делінген хабарламада.

Бұл күндері ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында климаттық нормадан төмен, ал оңтүстігінде оған жуық болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.