Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

0 13

Қайғылы оқиға Иманов көшесіндегі тұрғын үйде болған. Астанада үш жасар бүлдіршін 16-қабаттан құлап көз жұмды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 13-мамыр күні сағат 12:12-де Иманов көшесіндегі «Рахат» тұрғын үй кешенінде болған.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы ұл бала 16-қабаттан құлап, қаза тапты», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 

ТЖК кішкентай бүлдіршіндерді көзден таса қылмауға, үйдің терезелерін ашық қалдырмауға, терезе жанына қандай да бір жиһаз қоймауға кеңес береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.