Алматы әкімдігі қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауға бағытталған рейд ұйымдастырмақшы. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгінде жолаушылар көлігінің жұмысын реттеу мақсатында қоғамдық көліктерді тексеру тәртібі шығарылды.
Рейд құрамына қалалық полиция, жолаушылар көлігі инспекциясының өкілдері кіреді.
Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері автобус аялдамаларында уақыт белгілеп тұратын қызметкерлерді жұмыстан босатуға мүдделі болып отыр.
«Мұндай адамдардың қызметіне қажеттілік қазір жоқ. Олардың әрекеті толығымен заңға қайшы. Рейд барысында олардың заңсыз әрекетін әшкерелеу мен жұмысын тоқтату жалғасатын болады», — деді басқарма өкілдері.