16 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал өзге аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.