Таразда «Батырлар ұрпағы» әскери – патриоттық сайыс өтті

0 23

Жарыс «Назарбаев» зияткерлік мектебінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жарысқа қатысқан атасынан, әкесінен, көкесінен құралған 27 отбасылық командалар спорттық флеш-моб, әскери-спорттық эстафета, веложарыс, зияткерлік психологиялық тренинг бойынша сынға түсті.

     Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстың сыйлы қонақтары ретінде облысымыздағы «Қарулы Күштер ардагерлері» одағының төрағасы запастағы подполковник Тартыков Рамиль, Қарулы Күштердің құрметті ардагері отставкадағы полковник Байжанов Мадияр, қорғаныс департаментінің офицерлері мен Ауған соғысының ардагерлері шақырылды.

Іс – шара Президенттің «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделі мен мәртебесін арттыру, сондай-ақ Отан қорғаушы мен Ұлы Отан соғысының Жеңісі мейрамдарына орай ұйымдастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.