Жедел жәрдем көлігіне жол бермегендер заңмен жазаланады

0 10

Қызылордада жедел жәрдем көлігіне әдейі жол бермей, барынша кедергі келтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр. Себебі оның заңсыз әрекеті қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бейнежазбадан көліктің көшеде кесе көлденең келе жатып, жедел жәрдемге жол бермегенін анық байқауға болады. Тіпті жүргізушінің мұндай әрекетке қасақана барғаны анық аңғарылады. Жалпы соңғы кездері елімізде мұндай деректер жиілеп кетті. Жақында Алматыда болған оқиға да жаға ұстатты. Онда жүргізуші жедел жәрдем көлігіне жол бермегені былай тұрсын, дәрігермен сөз таластыруы адамдық қадір-қасиеттің қалмағанын аңғартса керек. Ал өзгелердің өміріне араша түсуді ойлаған дәрігерлердің өздері кейде бастарын қатерге тігіп жатады.

Рауан Мыңбаев, тілші:

— Қазір қоғамда жүргізушілер жедел жәрдем көліктеріне жол бермейді деген сөздерді жиі естиміз. Әсіресе адам жанына араша түсетін дәрігерлердің көбі осылай дейді. Бүгін біз жедел жәрдем көлігімен бірге жүріп, бұл пікірдің қаншалықты рас немесе өтірік екенін анықтап көрмекпіз.

Елордалық жедел жәрдем орталығына күнделікті жүздеген шақырту түседі. Дәрігерлер жаны қысылған адамға дереу жетіп, көмек көрсетуі қажет. Бірақ, бұл міндетті мінсіз орындауға біріншіден кептеліс кедергі келтірсе, екіншіден жүргізушілердің жол бермеу жағдайы түйінді түйіткілге айналып отыр.

Қазыбек Ерғали, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

— Бір жағынан автобусный паласа кейбір жерде жоқ. Кейбір жерлерде береді, кейде бермейді.

Бұл таяуда Алматыда тіркелген жағдай. Жергілікті тұрғын баласын жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізбек болғанда ақ халаттылар көлігі көшеде кептеліп қалған. Ол аздай, жүргізушілердің бірі жол бермей, дәрігерлермен сөз таластырғанын да анық аңғаруға болады. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бейнетүсірілімнен кейін 1993 жылғы азамат жауапсыз қалмады. Алматы қалалық ішкі істер департаменті әкімшілік құқық бұзғаны үшін оған айыппұл салды.

Юлдузхон Ергешова, фельдшер: 

— Біз үшін әр секунд маңызды. Жүргізушілердің жол беруін сұрап, рациямен дауыстап тұрып айтамыз. 

Марат Тұяқбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы:

— Былтыр елімізде 813 жүргізуші жәдел жәрдем көлігіне жол бермегені үшін жауапқа тартылды. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 160-тан асты. Яғни ережені ескермейтіндер көп. 

Қоғамда қалыптасқан бұл мәселенің түпкілікті шешімі қандай? Мүмкін шетелдік тәжірибеге сүйенген дұрыс шығар. Депуаттарды сөзге тартып едік, олар да осыны меңзеді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Шетелде жақсы жолға қойылған. Мысалы, бір жерде өрт болып жатады. Сол уақытта жолда бара жатқан көліктердің барлығы ысырылып, жедел жәрдемге жол береді.

Кез келген жүргізуші жедел жәрдем дабылын естіген сәтте жылдамдықты азайтып, жол беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ал айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішке тең. Дегенмен, бұл жағдайда ең алдымен жүргізушілердің ар-ожданы алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Себебі жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуға қаншалықты жылдам жетсе, адамды ажалдан арашалап қалу мүмкіндігі соншалықты арта түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.