Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу 533,25 теңге, сату 535,58 теңге;
— еуро: сатып алу 610,51 теңге, сату 620,69 теңге;
— рубль 6,69 — 6,80 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 529,84 теңгеден сатып алынады, 536,80 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу 612,78 теңге, сату 622,76 теңге;
— рубль: сатып алу 6,70 теңге, сату 6,85 теңге.
Еске салайық, 17 шілде сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,05 теңгеге көтеріліп, 532,74 теңге болды.