Абай облысын қолдау керек — Премьер-Министр

0 2

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысының 6 айдағы көрсеткіштері мәз емес екенін айта келіп, өңір әкімі Берік Уәлиден оның себебін сұрады.

Әкім баяндамасынан кейін Үкімет басшысы министрлерге Абай облысына қолдау көрсетуді тапсырды.

— Үкімет мүшелеріне айтатыным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған өңір. Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражат көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескеріп, көбейту керек, қолдау көрсету керек, — деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында елдегі ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін баяндады. Айтуынша, Абай облысындағы 10 ауданның жетеуінде ветеринариялық станса жоқ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.