Елімізде тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұру ережесі өзгерді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтып берді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Үкіметтің қаулысымен, тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұру ережесі жеңілдетілді.
Бұл орайда үй иелерінің мекен-жай анықтамалығының формасы бекітілмек.
Енді тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелу үшін құқық белгілеуші құжаттар мен тіркелу үшін төленетін баж салығы туралы түбіртекті көрсетудің қажеті жоқ.
Анықтамалық тегін “электронды үкімет” порталы арқылы немесе ХҚКО-дан беріледі.