Жер көлемі 3 млн. 136 мың гектар аумақты құрайтын,43-мыңға жуық тұрғыны бар Сарысу ауданының жыл өткен сайын экономикалық ахуалы түзеліп келеді. Оған аудандағы өнеркәсіп нысандары ықпал етуде. Мәселен биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 48 млрд. 402,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2%-ға орындалған. Сондай-ақ биыл күкірт қышқылын өндіретін «Еурохим» кәсіпорыны іске қосылмақ.
Аталған мәліметтерді «Жамбыл» телеарнасының «Қоғамдық талқылау» бағдарламасында аудан әкімі Сәкен Мамытов айтты.
— Бүгінде ауданда «Еврохим» және «Qazaq Soda» компаниялары зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы зауыт құрылысы жобаларының құны 638 млрд. теңгені құрайды. Жоспарлы түрде аталған зауыттар 2027 жылы толық қуатта іске қосылады деп күтілуде. Зауыттар іске қосылған соң, жалпы 2 000 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Еврохим»компаниясының қуаттылығы жылына 800 мың тонна жаңа күкірт қышқылы өндірісі зауытының құрылысының ресми ашылуы өтеді деп жоспарланып отыр. Әзірге күкірт қышқылы өндірісі зауытына жаңадан 300 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Оның 160-ы аудан тұрғындары,-деді Ол.
Жалпы аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасуда.Атап айтар болсақ ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 2 млрд. 146,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9%-ға орындалған. Негізгі капиталға салынған инвестиция да ұлғайған. 24 млрд. 439,1 млн. Құрылыс жұмыстарының қарқыны өскен. Алғашқы тоқсанда 2025 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлаған.
Ал,өнеркәсіп саласында жұмыс жасап келе жатқан ірі кәсіпорындар жыл сайын аудандық бюджетке 2,0 млрд. теңгеге жуық салық түсіреді. Кәсіпорындарда бүгінде 2 800-гежуық адам жұмыс істеуде. Оның 90%-дан астамы жергілікті аудан тұрғындары.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.