Қазақстанда гепатит, қант диабеті мен балалар сал ауруын тегін емдеуді тоқтатпақ

0 2

Қазақстанда бұдан былай қант диабеті, гепатит пен балалар церебалды сал ауруы т.б. тегін емдемеуі мүмкін. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 6 маусымда тоқтатылады. Заңның түзетілген нұсқасында туберкулез, АИВ (ВИЧ), онкологиялық аурулар, психикалық дертке шалдыққандарға берілетін дәрілер қатары ғана бар. Ал, тізімнен вирусты гепатит, қант диабеті, балалардың  церебалды сал ауруы, жедел миокард инфаркі, ревматизм, жүйке жүйесінің аурулары алынып тасталды.

2017 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында әлеуметтік маңызы бар бірнеше дертті емдеу жөнінде медициналық қызмет көрсетілетіні айтылған. Енгізілген нормативті акт бойынша, еліміздің барлық азаматы аталған ауру түрлеріне қатысты тегін ем алуға құқылы болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.