Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы жарыстан озып шыққандар Қазақстан Республикасының 2-ші спартакиадасына қатысады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Спорт басқармасына сілтеме жасап.
Іріктеу жарысы 7-9 маусым аралығында Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында өтті.
Аталған жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан кіші футбол, үстел теннисі, армрестлинг, еркін күрес, Грек-рим күресі, бадминтон, жүзу, дзюдо, шахмат, жеңіл атлетика бойынша барлығы 138 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.