Желтоқсан құрбандарына арналған мұражай бой көтереді

0 3

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасына сай облыс орталығында қазіргі таңда ауқымды жұмыстар қолға алынуда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Таразда жоспарлы жұмыстың бір бөлігі қаланы жарықтандырумен байланысты. Қазіргі таңда, Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралықтағы бағаналар ауыстырыла бастады. Шамдардың биіктігі 11 метрді құрап, электр сымдары жер астымен жүргізілетін бағандардың арақашықтығы 50 метрді құрайды. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 68 млн тг бөлінген. Құрылыс 2 айдан соң аяқталады.

Одан бөлек бірнеше жылдан бері қараусыз қалған облыс орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағы да түрлене түседі. Қазіргі таңда саябақты жаңғыртудың жобасы әзірленіп жатыр. Таяу арада мұнда ұлт азаттығы жолында күрескен азаматтарға арналған мұражай бой көтереді. Саябақ аумағынан балалар ойын алаңшасы мен қымызхана пайда болады.

Осылайша, күз айларында жаңа кейіпке енген Тараздың жаңа кейпі қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.