Жамбылда «елді мекендерді газдандыру» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бұған дейін өңірде 170-тен астам аудан-ауылдарға газ құбыры тартылған. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды 77news.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы қазір жергілікті халықты өз жерінен шыққан табиғи газымен қамтамасыз етуде. Айталық, 377 елді мекендегі жұрттың 181 көгілдір отынға қолы жеткен. Яғни, 8 мыңнан астам адам бұрынғыдай қыс бойы көмір тасып қиналмайды деген сөз. Алайда, әлі де болса 88 мың адам табиғи газды тұтына алмай отыр. Себеп, құбырлар тек көшеге ғана жүргізілген.
Жауаптылар болса, бұл мәселе жылдың соңына дейін шешілетіндігінн айтады. Ал, өз сөзінде өңір басшысы облысты газдандырудың 2025 жылға дейінгі жоспарын қайта қарауды тапсырды.