Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықтың мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Астана қаласында менингококк инфекциясынан өлім жағдайларының болмағаны туралы бұрын берілген ақпаратты растайды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша 6 расталған жағдай, оның ішінде балалар арасында 2 жағдай тіркелгенін атап өтеміз. Барлық пациенттер сауығып шықты, 1 бала балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.
Бұл ретте БАҚ-тың назарын Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ҚР халқы арасындағы инфекциялық аурулар бойынша статистиканы мониторингтейтін және жүргізетін уәкілетті орган екендігіне аударамыз.
Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын елдегі тіркелген менингококк жағдайлары туралы ақпаратты, оның ішінде өлім жағдайлары туралы Денсаулық сақтау министрлігі мен rомитеттің сайттарына жариялап отырады.
Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясының 61 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 9 адам жатыр, 40 адам ауруханадан шықты, өлім жағдайы – 12: Алматы қаласында 6 жағдай, Алматы облысында 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай.
Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.