2021 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы интернетке 2 миллионнан астам халқы бар мың жарымға жуық елді мекен қосылады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Электронды қолтаңба 3 жыл мерзімге беріледі. Ал ұялы телефонды иелерінің атына тіркеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Әркім қолындағы смартфонын бірыңғай базаға тіркеуі қажет. Онда ұялы телефонның IMEI-кодынан бастап, иесі жайлы мәлімет, яғни аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі жазылады. Осы жыл соңына дейін ұялы телефон абоненттің атында болуы тиіс. Тіркеу ұялы байланыс операторы арқылы онлайн режимде немесе тікелей SMS-хабарлама жіберу арқылы жүргізіледі.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
— Абоненттерді тіркеу ақысыз жүргізіледі. Жеке тұлғалар үшін 4 сағат ал, заңды тұлғалар үшін 8 сағатта қызмет көрсетіледі. Биыл жыл аяқталғанша тұрғындар телефондарын тіркеуі тиіс. Барлық мәлімет ұялы байланыс операторларында бар. Ешқандай түйткіл мәселе болмайды деген ойдамыз.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты бағытының бірі интернетке қолжетімділікті арттыру. Бүгінде елімізде 13 млн астам адам жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылды. Алдағы 3 жылда бұл көрсеткіш тағы 2 млн тұрғынға артады.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
— Халық саны 10 мың адамнан асатын елді мекендер 3G байланысымен, 50 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекндер 4G стандартымен қамтылған . Өткен жылы еліміздегі барлық аудан орталықтары да 4G интернет желісі жеткізілді. Жоба аясында 2021 жылға дейін 2 млн астам тұрғыны бар 1249 елді мекенге жоғары жылдамдықтағы интернет тартылады.
Биыл 1 маусымнан бастап халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстарын басталды. 3 айда 500 мың адам оқытылады. Жалпы алдағы мерзімде 8 миллион қазақстандықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарланған. Сондай-ақ министрлік электрондық цифрлық қолтаңба мерзімін 1 жылдан 3 жылға ұзартуды қарастырып жатыр. Биылдың өзінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы 10 млн астам қызмет көрсетілді.