Елімізде үш адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті

0 6

Науқастардың жағдайы бір қалыпты, нақты диагноз қою үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Талдықорғанда менингококк жұқпасын жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті: екі студент пен тоғыз жасар бала. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Үш адам түсті. Науқастардың бәрі – облыс орталығы тұрғындары, бірақ бір-біріне қатысы жоқ. Бәрі ораза ұстап, мешітте болған. Екі жас жігіт – 18 және 20 жаста – ауруханаға 17 маусымда түсті, ал тоғыз жасар бала балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 18 маусымда жатқызылған», − деп хабарлады Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Асхат Шарапиев.

Шарапиевтың айтуынша, науқастардың жағдайы бір қалыпты ауыр. Әзірше диагноз расталған жоқ, лабораториялық зерттеулер жүгізілуде.

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 61 адам менингококк жұқпасына шалдықты. 12 адам қаза тапқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.