Т. Рысқұлов шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе?

0 2

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ардагерлермен кездесті. Осымен еркін форматта екінші рет өтіп отырған жүздесуде өңірдегі өзекті мәселелер айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ардагерлердің айтуынша, қазір ауыл-аймақта мал ұрлығы жиілеп кеткен. Қынжылтатыны қылмыс ашылмайды екен. Талапқа сай келмейтін қоғамдық көліктер, ызғытып айдайтын жүргізушер мен ескі автопарктер мәселесі де көтерілді. Дәріханаларда қарт кісілерге берілетін тегін дәрі-дәрмектің тек жылдың ортасында қолжетімді болатындығы да сөз болды.

Сонымен қатар, ардагерлер өңір басшысына өз тілектерін жеткізді, аймақта дарынды балаларды қолдайтын арнайы инновациялық орталық ашу, өңірдің шығармашылық мұрасын іздестіру, өнер тарихын жинақтау, қазыналы дүниелерді топтастыру, ардагерлердің демалысын ұйымдастыру, Т. Рысқұлов шипажайын мемлекет меншігіне қайтарылса деген ұсыныстар айтылды.

«Елдің көкейінде жүрген мәселе көп. Олардың ішінен қоғамдағы ауқымды тақырыптарды екшеп, ортақ проблеманы бірлесе шешу үшін мұндай кездесулер енді аудандарда да ұйымдастырылатын болды. Бұл іске әлбетте, ардагерлер де тартылып, атсалыспақ. Кездесуде көтерілген сан алуан сауалға тұщымды жауап қайтарылып, атқарылып жатқан шаруалар жайы да сөз болды», — деді Асқар Мырзахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.