Жамбыл облысында барлық мектептер 100% Wi-Fi желісімен қамтылады

0 6

Осы орайда, облыс әкімдігінің Білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыс көлемінде ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен 142  мектеп қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 238 мектепке қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 30% мектепті робототехника кабинеттерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Тағы бір жаңалық. Жаңа оқу жылына Тараз қаласында 7-11 сынып оқушыларына арналған облыстық мамандандырылған 320 орындық ІТ мектеп-лицейін ашу қолға алынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.