Назарбаев Головкинді Тұңғыш Президент орденімен марапаттады

0 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Супер), IBO нұсқалары бойынша кәсіби спортшылар арасында бокстан әлем чемпионы, ел мақтанышы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинді құттықтап, қазақстандықтар оның кәсіпқой спортта өзінің керемет нәтижелерін көрсетір, еліміздің атын асқақтатып жүргені үшін мақтан тұтатындарын атап өтті.

«Отандастарың сенің жекпе-жегіңді өте мұқият қарап отырады. Сен Қазақстанның  атын әлемге танытып, қай жерде жүрсеңде өз Отаныңды ұмытпай, ол туралы үнемі айтып жүресің. Біз сені мақтан тұтамыз. Қыркүйекте сені өте маңызды кездесу күтіп тұр. Саған Қазақстан халқының атынан осы айқаста жеңіске жетуіңді тілеймін », – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің Қазақстандағы спортты насихаттаудағы және еліміздің халықаралық имиджін нығайтудағы рөлі жоғары екенін ерекше атап өтті.

«Сен өз салмағыңда  теңдессіз үздіксің. Саған ешқашан жеңіліс таппаған нокаутер атағы да берілді. Бұл – Қазақстан үшін үлкен жетістік және еліміздегі спортта насихаттаудың жақсы жолы. Біз сенің күш-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда бокс кешін өткізу мүмкіндігі болса, біз оған ат салысып, көмектесеміз», – деді Қазақстан Президенті.

Ал, Головкин өз кезегінде Елбасына көрсеткен қолдауы, сондай-ақ Қазақстандағы спортты дамытуға, оның ішінде бокс мектебіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

«Мен халықаралық аренада елімнің атын одан әрі даңқтау үшін бар күшімді саламын. Егер бәрі жақсы болса, біз Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің халқымыз осындай керемет көрініске лайық деп есептеймін. Менің ойымша, барлығына осындай маңызды оқиғаны көру қызықты болады», – деді Г. Головкин.

Сондай-ақ, боксшы Мемлекет басшысына WBC, WBA (Супер), IBO және IBF нұсқалары бойынша алған чемпиондық  белбеулерін тарту етті. Ал, кездесу соңында Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.