ҰБТ-2018 нәтижелері: 14 мыңнан астам түлек тестілеуден өтпей қалды

0 6

Ұлттық тестілеу орталығы 2018 жылғы ҰБТ нәтижелерін қорытындылады. Орталық жетекшісі Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, биыл 147 мың қазақстандық бітіруші түлектердің 102,447-сі шекті дейгейді бағындырып, тестілеуден өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде 77,2 мың түлек тестілеуді қазақ тілінде тапсырса, 25 мыңы орыс тілінде. Биылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша 84 065 түлек шекті деңдейден өтіп, ЖОО-на түсуге жолдама алды.

Ал, тапсырушылардың 14 633 немесе 14% -ы ҰБТ-дан өтпей қалды. Сондай-ақ, ағылшын тілінде тестілеуге өтініш білдірген 46 түлектің 28-і ғана сынық  тапсыра алды.

«Тест тапсырмалары бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 243 өтініш түсті, олардың 101-і қанағаттандырылды. Ал,техникалық себептер бойынша түскен 396 өтініштің 120-сы қанағаттандырылды, олардың ішінде ағылшын тіліндегі тест тапсырмалары бойынша өтініштер келіп түскен жоқ»,- деді Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Сонымпен қатар, орталық диектеры тоғыз түлектің сынақ нәтижелерінің жойылған да айта кетті.

Биылғы жылы тест тапсыраушардың көбі математика, физика пәнін таңдаған екен. Бітірушілердің 26,7% -ы осы пәндерге бейім қойған. Бұл пәнді таңдағандар 52 техникалық мамандыққа түсуге мүмкіндік ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін биылғы жылғы тестілеуде орын алған романтикалық оқиғаның немен аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.