Тараз қаласында суда жүзуден республикалық чемпионат өтті

0 0

Ағымдағы жылдың 22-25 маусым аралығында Тараздағы «Дельфин» жүзу бассейнінде Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Маметованы еске алуға арналған жүзуден 2002 ж.т. және одан кіші спортшылар (қыздар, ұлдар) арасында ҚР чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталған чемпионатқа барлық облыстар, Астана, Алматы қалалары және Бішкек (Қырғызстан) қаласынан келген 250-ден астам спортшы қатысты. Ал Жамбыл облысынан ең мықты 16 спортшы бақтарын сынады. Барлығы 132 медаль сарапқа салынды.

Сайыстың қорытындысы бойынша, Тараз қаласынан Ангелина Толмачева , Яна Лузанова, Вероника Фатеева  және Виктория Сальникова  4х100 м еркін жүзу эстафетасында қола жүлдегер атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылық етті.

Ескеретін жайт, жеке жарыс болғандықтан командалық есеп болған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.