Жамбылда жылу магистралі жаңғыруда

0 7

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Онда облыс әкіміне «Абай даңғылындағы түйісу» сондай-ақ,  М-4, М-2 жобаларының үлгісі көрсетілді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай даңғылындағы жылу жүйелері жобасының жалпы құны 666 млн  270 мың теңгені құрайды. Оның ұзындығы 1,13 шақырым.  Бұл жұмыстар 30 мамырда бастау алған. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 1 қырқүйекке жоспарланып отыр. . Алайда, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жауапты басшыларға 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.Еске сала кетейік, бұдан бөлек тағы да бірқатар көшелерде М-4, М-2 жылу құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылуда. Жылу магистралін қайта жаңғырту желілерінің жалпы ұзындығы 11 мың метрді  құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.