Жамбыл облысында Алматыдан танысының көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Төле би мен Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында қара түсті Тойота Камриді белгісіз біреу айдап кеткені туралы хабарлаған.
«Көлік иесі кілттері сақталған қолсөмкені өзінің танысына берген. Сол кезде оның тығыз шаруалармен айналысып жатқанын пайдаланған әлгі танысы көлікті айдап кетіп қалған. Кешенді жүргізілген жедел іздестіру шараларының арқасында ұрланған көлік Жамбыл облысынан табылды. Қазір көлік иесіне қайтарылды. 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүруде», — деді Алматы қалалық ІІД Қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Әлімов.