16 шілде күні Талас өзеніне құлап, суға батып кеткен 2 сынып оқушысы іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.
Іздестіру жұмыстары кеше де таңғы сағат 08:00-ден бастап Талас өзенінің бойында жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техника, 1 жүзу құралы күшімен жүргізілген болатын. Кешкі сағат 21:00- ге дейін жалғасқан іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бүгін таңғы сағат 06:00-ден бастап кетті.
Еске салсақ, 16 шілдеде сағат 14:30-да ата-анасының қарауынсыз қалып суға құлап батып кеткен 2010 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.