Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сондай-ақ, Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.