Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .
«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы ұсталды. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданында көшеден ұсталды», — деді Серік Күдебаев арнайы брифингте.
Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.
2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.
Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті — 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.
Сондай-ақ, Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.
Ал алдын ала таратылған ақпарат бойынша Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.