Ағымдағы жылдың 20 шілдесі күні аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі, Төле би ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен «Спортта сыбайластыққа орын жоқ!» атты аудан жастары арасында спартакиада өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спартакиада нәтижесі бойынша қол күрестен 1 орын Аманжол Ескендір (Ақтөбе ауылы), 2 орын Бейкенов Әділет (Абай ауылы), 3 орын Күлебек Бекзат (Белбасар ауылы) иеленсе, арқан тарту ойыны бойынша 1 орын Бірлік командасы, 2 орын Абай командасы, 3 орын Белбасар командасы, Кіші футбол жарысы бойынша 1 орын Төле би командасы, 2 орын Ақтөбе командасы, 3 орын №10 Шу колледжі иеленді.
Командалық есепте 1 орын Ақтөбе командасы, 2 орын Абай командасы, 3 орын Төле би командасы иеленді.