Денис Теннің өліміне күдіктілер оның көлігінің айнасын кімге сатпақ болғаны анықталды

0 0

Алматы полициясы Денис Теннің өліміне күдіктілер оның көлігінен ұрланған айнаны кімге сатпақ болғанын анықтады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Бізде күдіктілердің айнаны кімге сатпақ болғаны туралы тұлғалардың куәлігі бар. Ол тұлғаларға (ред. Айнаны сатып алушылары) қатысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», – дейді Рашид Жақыпов Астанада өткен брифинг барысында.

Министрдің орынбасарының сөзінше, полиция барлық қылмыстық ашу барысында тиімді әдістерді қолданады.

«Мен біздің жұмысымызда қолданылатын барлық әдісті атай алмаймын. Бұл әдістер – тиімді. Аталған қылмыстың егжей-тегжейі ескеріле отырып, осы әдістер бізге аз уақытта кінәлілерді анықтауға мүмкіндік берді. Біздің қызметкерлеріміздің күшімен аз уақыт ішінде ауыр, аса ауыр қылмыстардың ашылғаны туралы ондаған мысал келтіре аламын. Жүргізілген шұғыл тергеу амалдары бізе аталған қылмысты ашуға мүмкіндік берді», – дейді Жақыпов.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.