Тараз тұрғыны әлеуметтік желілерде діни араздық тудырғаны үшін бас бостандығынан айырылды

0 11

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы діни алауыздық тудырған адамды анықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA құқық қорғау ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің интернет желісінің қазақстандық сегментін бақылау  нәтижесінде Тараздың бұрын сотталмаған 28 жастағы тұрғыны көзге ілінген. Ер адамға діни алауыздықты тудырғаны үшін айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті»,  — делінген Жамбыл облысы ІІД-нің хабарламасында.

Белгілі болғандай, Н. есімді азамат ғаламтор желісінде тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды таратқан.

«Тұрып жатқан мекенжайын тінту кезінде діни сипаттағы авторлары әртүрлі 27 DVD-дисктер, араб тіліндегі жазба дәптерлер, журналдар, «Үш негіз» атауымен кітапшалар, «Құранның» Эльмир Кулиевтің аудармасымен берілген нұсқасы табылды. Сондай-ақ, Н. аса көп пайдаланған әлеуметтік желілердің бағдарламалары жүктелген ұялы телефон анықталды», — деді ведомство өкілі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ұсталған азамат интернет желілерді жиі пайдаланатынын және тыйым салынған діни материалдарды әртүрлі мессенджерлер арқылы тарататынын мойындады.

«Тараз қаласының №2 соты шығарған үкімке сәйкес, Н. — ға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», — деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.