Шаруаларды жеңілдікпен несиелеуге 44,7 млрд теңге бағытталады

0 12

«ҚазАгро» холдингі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, ауылшаруашылық кооперативтері мен оның мүшелері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері, өтінім қарастыруда басымдылық берілетін кооперативтерге несиелеуді жалғастырады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еңбек» бағдарламасының ерекше шарттары жобалар санының 20%-ы ауылдағы стартап жобаларды құрайды, ал енді 20%-ы — ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығынан тыс бизнес жобалары», — деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұқан Сарыбаев.

Оның айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға және ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін — 7 жылға дейін беріледі. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — жылдық 6%-дан аспайды. Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін ауылшаруашылық саласындағы жобаларға шағын несиелердің көлемі 19 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды, осыған ұқсас — ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін 3 млн теңгеге дейінгі несие қаражаты бөлінеді. Несиелер мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бизнестің ауылшаруашылығынан тыс түрлеріне берілетін болады.

2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несиелеуге 44,7 млрд теңге бағыттау және АШТӨ кемінде 290 кепілдік беру жоспарланған.

Н.Сарыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта холдинг еншілес оператор компаниялары арқылы шамамен 12,5 млрд теңге сомасына жалпы 3 288 несие берілген (немесе қаражаттың жоспарлы көлемінің 28 % игерілген). Несие қаражатының көмегімен 2481 адам жұмыспен қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.