Менингококк инфекциясы қауіпті ме?

0 14

Менингококк – ол бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы  (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде немесе 1 бөлмеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады.

Жұғу жолдары:  жаныңызда тұрған адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғады. Суға шомылған кезде, жуылмаған қол, таза емес тағамдардан тарайды. Ауруды кене мен үй жануарларынан да жұқтыру қаупі басым. Ауру таралатын кезеңі 2 күннен 20 күнге созылуы мүмкін, орташасы 10 күн.

Менингококк инфекцияларының пайда болуына мына себептер ықпал етеді:

  • суыққа тоңу,
  • құнарлы тамақтанбау,
  • күйзелістер,
  • бөлме ішінің ауа алмаспағандығы,
  • астарлы созылмалы аурулар (назофарингит, ринит, отит, гайморит).

Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігінің жоғары болуымен қауіпті. Менингококты инфекцияда мынандай асқынулар болы мүмкін:

  • инфекциялық – токсикалық шок
  • жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі
  • жедел бүйрек жетіспеушілігі
  • мидың ісінуі
  • екіншілік инфекцияның қосылуы

Менингит – ол өте қауіпті инфекциялық ауру, бас және жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы және түрлі бактериялар мен вирустардан туындауы мүмкін. Менингококк инфекциясының ең кеңінен таралған белгілері бас ауруы, мойын бұлшық етінің ұюы, қалтырау, ойлау естің бұзылуы (комаға дейін), жарық пен дыбысқа сезімталдықтың артуы болып табылады. Науқаста жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының бұзылуы, бұлшық еттің ауруы байқалады. Менингеальдық белгі Кернига және Брудзинский белгілерімен сипатталады: науқас мойнын иілдіре алмайды, тізе буындарын бүге алмайды. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Үйде, өзіндік жолмен емделеді, тәуіпке барады немесе мүлдем басқа дәрілік препараттарды қабылдайды. Тағы бір жәйт бар. Ауру балаларға үйір келеді. Себебі олардың иммундық жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата-аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Баланың құсуы мен мазасыздануы, үнемі жылай беруі тіс жарған кездегі белгілерге ұқсағанымен, олай болмауы да мүмкін. Көп ата-ана осы уақытты өткізіп алып, бармақ шайнап қалатын кездер аз емес. Ал емделу уақыты өтіп кеткен баланы аурудан айықтыру оңай шаруа емес. Көп жағдайда бала өліп кетеді. Ал кейде ми жасушалары қатты зақымданып, ақыл-есі дұрыс дамымай қалады. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жасалса айығып кету мүмкіндігі 100 пайыз. Сол үшін менингитті ауырмай тұрып алдын алған жөн. Иммунитетті жоғарылату. Дұрыс тамақтану, ұйықтау т.б.  Кез келген ауруды дер кезінде емдеу.  Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық-түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу.  Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.  Жақындарыңызда менингиттің белгілерін байқасаңыз тезірек жедел жәрдем шақырыңыз.

Менингит ауруының алдын алу іс- шаралары.

  • дене шынықтырумен айналысу,
  • құнарлы тамақтану
  • бөлме ішін сапалы-ылғалды жинастырып тұру
  • созылмалы ( назофарингит, ринит, отит, гайморит, жедел өтетін респираторлық- вирустық инфекциялар) аурулармен ауырғанда дер кезінде дәрігерге көріну.

Тараз қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау

басқармасының басшысы  Сәбденалиева Н.Т.

Leave A Reply

Your email address will not be published.