Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа қызметтік куәлік әзірленіп жатыр

0 7

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеп жатқан цифрлық қызметтіккуәлік мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Bnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауды көздейтін цифрлық қызметтік куәлік әзірленіп жатырю

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың төрағалығымен қызметтік куәліктердің жаңа форматы – мемлекеттік қызметкерлердің ID-карталарын енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Отырыс ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның, ІТ қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Цифрлық қызметтік куәлікті (ID-карталар) әзірлеу және енгізу мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялауды және «Е-Қызмет» ЫАЖ бірыңғай басқару орталығымен мемлекеттік органдардың Кіруді бақылау және басқару жүйелерін (КББЖ) біріктіруді көзейді. ID-карталардың «Е-Қызмет» ЫАЖ жүйесімен интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратына кіру мүмкіндігі пайда болады, бұл өз кезегінде рұқсаттама бюроларын ұстауға кететін шығындарды оңтайландыруға жағдай жасайды», — делінген хабарламада.

Отырыста пилоттық режимде жаңа электрондық қызметтік куәліктің басқа да мүмкіндіктері көрсетілді.

Тестілеуден өткен ID-карталар мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялау арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электрондық форматта құжаттарға қол қоюға мүмкіндік туғызады.

Ұсынылған тәсілдер жұмыс тобының тарапынан мақұлданды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және бақылау үшін инновациялық шешімдерді қолдану (компьютерлік бағдарламалар мен қосымшалар) бойынша ұсыныстар берді.

Бұл қызметкерлердің нәтижелілігі, өнімділігі мен тиімділігін мониторингтеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдайлардың орын алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік жасайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық қызметкерлері үшін пилоттық режимде ID-карталар енгізілгені туралы бұдан бұрын хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта елдің барлық мемлекеттік органдарына жетілдірілген электрондық қызметтік куәліктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.