ІІМ Қалмұхамбет Қасымов Денис Тен өліміне қатысты үшінші күдікті туралы айтты

0 1

ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов Денис Тен өлімін жасырып қалды деген күдікпен ұсталған əйел туралы айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қандай адамдар? Олар сырттан келгендер. Біреуі  Жамбыл облысынан, ал екіншісі Қызылорда  облысынан келген. Үшінші күдікті əйел адам. Ол да Жамбыл облысынан жазда Алматыда даяршы болып жұмыс істеуге келген. Ұсталған екі жігіт көліктердің бүйір айнасын ұрлаумен айналысқан»,- деді Қалмұхамбет Қасымов Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігі әріптестігінің төртінші отырысы бойынша өткен брифингте.

Сонымен қатар, министр Денис Теннің  отбасымен кездескенін айтты.

Еске салсақ, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.