Қырғыз елінің астанасы Бішкекте ашылатын жаңа мешітке 8 мың адамға дейін сыяды. Қырғызстанның Бас мүфтиі Бішкекте биылғы жылдың қыркүйек айында Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.
Мешіттің құрылысы 2012 жылы басталған. Жобаны «Дианет» түркиялық қоры қаржыландырды. Құны – 25 миллион доллар. Бішкек билігі мешітке 3,5 гектар жер бөлген.
«Мешіт өте әдемі болады. Осман империясы кезеңіндегі сәулет негізінде салынып жатыр. Ғибадатхананың өзіне 8 мың адамға дейін, ал оның аумағына 20 мың адамға дейін сыяды», — деді Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсат қажы.
Жаңа мешітті 2 қыркүйекте ашу жоспарланып отыр. Бұл күні Түркия президенті көшпенділер ойындарына келеді деп күтілуде. Ол имам Сарахси атындағы орталық республикалық мешіт деп аталатын болады.
Үш жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы жүргізген. Мешіт үш қабаттан тұрады, 11 гектар жерде орналасқан мешіттің жалпы аумағы — 18 мың шаршы метр. Төрт мұнарасының биіктігі –77 метр. Бас күмбездің биіктігі 51 метр. Мешітке 10-12 мың адамға дейін сыяды.