БАҚ өкілдері арасында футболдан республикалық турнирдің тағы бір кездесуі аяқталды. Апорт (Алматы обл.) мен Шымкент қаласының өзара тартысы 3:0 есебімен аяқталды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Алғашқы таймның 7-ші минутында алматылық Əлішер Келгенбай қарсыластар қақпасына гол соқты. Осы есеп тайм соңына дейін өзгерген жоқ.
2- таймда «Апорт» командасы шабуылды күшейтті. Апорттық шабуылшы Əлішер Келгенбайға шымкенттіктер тосқауыл бола алмады. Нəтижесінде, тағы 2 гол соғылып, «Апорт» айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 3:0