Елде базар саны азайды

0 2

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 588 базар жұмыс істейді, 2024 жылға қарағанда базар саны 38-ге азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Олардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан (417), ауылдық жерлерде — 171 базар.

Базар саны бойынша тізім басында Түркістан облысы тұр — 103, одан кейін Алматы облысы — 57 мен Ақтөбе облысы — 53. Сауда базары Ұлытау облысында ең аз — 6 базар.

Базардағы сауда орындарының саны да бір жыл ішінде азайып, 147,6 мыңға жетті (2024 жылы — 150,8 мың).

Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында тіркелген (26,5 мың), алғашқы үштікте, сондай-ақ, Жамбыл (19,8 мың) мен Алматы облыстары да бар (17,2 мың).

Жалпы базар санының ішінде 265 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, 323 базар дара кәсіпкерлердің иелігінде.

588 базардың 9 коммуналдық, 323 жабық базарға жатады. Сатылатын тауар түріне қарай 222 базар мамандандырылған, ал 366 — әмбебап.

Сауда көлемі бойынша 39 базар көтерме, 549 базар бөлшек саудаға арналған.

Айта кетелік Алматыда «Байсат» базары үшінші рет сатылымға шығарылғаны туралы жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.