Шу ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті

0 7

Шу ауданында жаңа оқу жылының басталуына байланысты аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның білім саласы қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Іс-шараның басты мақсаты жас мамандарды сонымен қатар жұмыссыз азаматтарға кәсіби қызмет пен жұмыс іздеу мәселелері бойынша көмек көрсетуге бағытталған.

Оған мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің бос жұмыс орындарын ұсынып отырған басшылары, аудандық жұмыспен қамту орталығының, білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, жұмыс іздеушілер қатысты.

Жәрмеңкеге мектептердің 17, мектепке дейінгі 9 және мектептен тыс мекемелерінің 6 барлығы 32 мекеме басшылары болды.

Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі таңда білім саласына аудан бойынша жалпы саны 36 маманның қажеттілігі анықталған. Оның ішінде информатика пәні мұғалімдерінің жетіспеушілігі айқын байқалған болатын. Өйткені, қазіргі уақытта білім саласында робототехниканы дамыту міндеті алға қойылған. Келесі кезекте облыстық мәслихат депутаты, Шу қаласындағы № 40 мектеп-лицейдің директоры Гүлбарам Тұрлыбек аталмыш мектепке аудандық жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, «Еңбек КZ» сайты арқылы қабылдаған жас мамандармен таныстырып және бүгінгі таңда мектеп-лицейге қажетті мамандарды айтып өтті. Мұнан соң барлық жәрмеңкеге қатысушылар залда арнайы үстелдерге жайғасқан жұмыс беруші мекемелердің басшыларына жолығып, өздерінің мамандықтарына сәйкес жұмыс қарауға кірісті. 

Нәтижесінде 17 жас маман білім мекемелерінде қызмет етуге жолдама алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.