БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымы шетелдіктер ең көп келетін елдердің тізімін жасады.
Көш басында Франция мемлекеті тұр. Жалпы, екі жылдан бері француздар тізімнің басынан түспей келеді. 2017 жылы бұл елге 86,9 миллион турист келген. Екінші орында 81,8 миллион қонақ қабылдаған Испания мемлекеті тұр. Үшінші орынды АҚШ иеленді. Бұл елге бір жылда 75,9 миллион турист келген. Сонымен бірге, Бүкіләлемдік туристік ұйымы туризм саласы ең жылдам дамып жатқан мемлекеттер тізімін де мәлім етті. Бірінші орында – Мысыр мемлекеті. 2017 жылы мысырлықтар 2016 жылға қарағанда 55,1 пайыз артық шет елдік келушілерді қабылдаған. Олардың жалпы саны – 8,6 миллион. Египеттегі саяхатшылар арасындағы ең танымал қалалар – Луксор мен Гиза.
Осы тізімнің екінші сатысына Африканың Того мемлекеті жайғасса, үшінші орынды Вьетнам Республикасы иеленген.
Дереккөз: Massaget.kz