Әсет Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұрын бұл қызметті атқарған Әділбек Жақсыбеков зейнет жасына жетуіне байланысты орнынан босатылды.