Қазақ кино тарихындағы алғашқы жүлдесін алды

0 18

Эмир Байғазин түсірген ««Өзен» («Река») фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» (Горизонты) бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8 қыркүекте жария етті.

Атаулы «Үздік режиссер» жүлдесін – «Арыстанды» – фестивальдің марапаттау салтанатында Польша ко-продюсерінің өкілі Агнешка Пучило алды. Режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол «Өзен» фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын ( «Өзен» фильмі негізгі конкурстық «Платформа» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі).

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі — «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері) жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Польшаның кино институты және Sorfond (Норвегия) атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесерінен кейін Батыстың әлемге әйгілі басылымдары «Өзен» фильмі туралы жарыса жазып, оң пікірлерін білдіріп жатты:

Hollywood Reporter:

«Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады. Композициясы өте үйлесімді, оның образдыр үйдің интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады. Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомадаған. Камераның қозғалуы да аз.

«Өзен» — арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды».

Screen Daily

«Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы Трилогиясының («Уроки гармонии» , 2013, және «Раненый ангел», 2016)соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды. Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар».

Cinematografo

«Өзен» көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм».

Естеріңізге сала кетсек, Эмир Байғазиннің алғашқы дебюттік жұмысы «Асланның сабақтары» фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктелініп, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды (2013). Трилогияның екінші бөлімі –«Төрт оқиға» фильмі де Берлин кинофестивалінің Panorama Special бағдарламасы шеңберінде алғаш көрсетілді (2016). 2018 жылы тамыз айында Эмир Байғазин Румынияда өткен Anonimul кинофестивалінде «Кино саласының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапатталды. Айта кетсек, осы фестиваль шеңберінде режиссердің ақ-қара түсте түсірілеген «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінің тұсаукесері өткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.