Әділбек Жақсыбековтің қандай қызметке келгені белгілі болды

0 24

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болған Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz сайтына сітеме жасап.

«Цесна» Корпорациясы» АҚ Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының 2018 жылдың 10 қыркүйегінде «Цесна» Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғанын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Корпорация сайтының мәліметінше, ірі акционерлер: Әділбек Жақсыбеков, ол 35 пайыз немесе 6 562 500 дана акция иегері (акцияның барлық пакетіне Жақсыбек Дәурен Әділбекұлының сенімгерлік басқаруына берілді); Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы акцияның 74,2 пайызына немесе 7 350 000 дана акцияға ие — тікелей иелік; акцияның 35 пайызы немесе 6 562 500 данасы — Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының сенімгерлік басқаруына қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.