Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған форумға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Шара барысында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова сөз алып, форумға қатысушыларды құттықтады. Кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
Сондай-ақ, тіл жанашырлары мен белсенді жастар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі мен Тіл саясаты комитеті төрағасының, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.