Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

0 0

Синоптиктер 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің болжамына қарағанда, алдағы үш күнде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

«Батыс облыстарға жаңбыр әкелген атмосфералық фронттар шығысқа қарай жылжи отырып, республиканың солтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа райы жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады», — деді синоптиктер.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста ауа температурасы жоғарылап, солтүстік және орталық облыстарда күн аздап суытады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.