Бүгін Тараз қаласының орталық стадионында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күніне» орай мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындарының арасында спартакиада өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігі.
Қалалық спартакиада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Спартакиаданың шымылдығын Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк ашты.
Жарысқа қатысушылар жеңіл атлетика, дойбы «64», дартс, ат спорты сынды спорт түрлерінен бақ сынасты.