Қалалық №1 ауруханасының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі штабының бірлескен отырысы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Жиында наркология қызметінің жұмысы, нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстар туралы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Жексембиев және Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы бағытта атқарған жұмыстары туралы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Алметов баяндама жасады.
Отырыс Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мурзакасымовтың жамбыл өңірі денсаулық сақтау саласының негізгі индикаторларын атап өтіп, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халық денсаулығын нығайту мәселелері бойынша 2018 жылдың бірініші жарты жылдығының қорытындыларын жариялау баяндамасынан басталды. Спикер ведомствоаралық өзара қарым-қатынастарды нығайту қажеттігіне назар аударды, өйткені денсаулық сақтаудың 36 индикатордың 15-сі ведомствоаралық іс-қимылға жатады. Сөз соңында Е.Дауылбаев аудандардың және денсаулық сақтау мекемелердің басшыларына индикаторларды жақсарту мақсатымен тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытында атқарған жұмыстары туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаева айтып берді.
Ал, Жамбыл ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Найманова мен Т.Рысқұлов ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов түйіндеді.
Кездесудің соңында бағдарламада көрсетілген барлық индикаторларға қолжеткізу, өңірдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.