Жамбыл облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

0 6

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес жаңадан құрылған балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали тағайындалды.

Эльмира Иниятқызы 1980 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті, қытай тілі» мамандығын тәмамдаған. 2002 жылы аталған оқу орнында «филология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының шығыс поэзия, шешіндік сөздер пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы, аталған университеттің аспиранты, Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалында редактор, аға редактор, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жамбыл-Тараз» газетінде бас редактор, директор қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры болып еңбек етіп келді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.