Қазақстанда 80 мың көлік қайта өңделеді

0 3

Соңғы 2 жылда қазақстандықтар 80 мың ескі көлігін утилизацияға тапсырды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға жалпы құны 9 миллиард теңгенің сертификаттары табысталды. Биылдың өзінде көлік жүргізушілер бұл қаржыны қолданып, 8 мың жаңа отандық темір тұлпар сатып алды.

«Жергілікті автоөндірушілерді қолдауға бағытталған бағдарлама қарқынды дамып келеді», – дейді мамандар.

Жомарт Рахымжан, «ӨКМ Операторы» ЖШС өкілі:

— Көліктің 60 пайызы ескі. Қазақстан автопаркі ескіріп бара жатыр. Оны жаңарту мақсатында утилизация бағдарламасы бар. Сертификат беріледі. Құны 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында. Қазақстанда құрастырылған автокөлік сатып алғанда жеңілдік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.